aspan

СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында тұрғындарға су жеткізуді жақсарту мақсатында инвестициялық бағдарлама аясында су құбырларын қайта құру жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, Әл-Фараби және Еңбекші аудандарында су желілерін ауыстыру көзделген.

Әл-Фараби ауданында, Адырбеков көшесінен Шаймерденовке дейінгі аралықта диаметрі 300 мм-ден 160 мм-ге дейінгі Ватутина су құбырын қайта құру қолға алынған. 1962 жылы салынған желінің тозуы 91%-ға жеткен, ал апаттар жиілігі артып отыр. Құбырларды ауыстыру арқылы өткізу қабілеті қазіргі қажеттіліктерге сай, 12 м³/сағатты қамтамасыз етпек. Жұмыстарды қараша айының ортасына дейін аяқтау жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 120 миллион теңгеден асады, ал ауыстырылатын құбырдың ұзындығы 1367 метрді құрайды.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданының 17-ықшамауданындағы су құбыры желісін жаңарту да күн тәртібінде тұр. 1977 жылы салынған желінің 89%-ы тозған, нәтижесінде апаттар саны артуда. Бұл жобаның құны 207 миллион теңгеден асады. Құрылыс-монтаж жұмыстары қараша айына дейін аяқталады деп күтілуде.

Аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін су құбырларының тозу деңгейі 57,65%-дан 56,5%-ға дейін төмендейді. Су тасымалдау мен сарқынды суларды бұру қызметтері сапасының жақсаруына да қол жеткізілмек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ КАРТОП БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Телеарна ХанТВ

«№55 Жеңістің елу жылдығы»жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде патриоттық рухты нығайтуға арналған далалық оқу жиыны өтті.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ