aspan

ЖАҢА ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРДІ

Coca-Cola İçecek компаниясы Қазақстандағы үшінші заманауи зауытын ашты. Бұл зауыт Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан.  Зауытқа 27 миллиард теңге көлеміндегі инвестиция құйылды. Жаңа өндіріс орны жылдық өндірістік қуатты 30 пайызға арттырмақ.

Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Түркия және АҚШ консулдары, сондай-ақ бизнес серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысты. CCI-дің аймақтық директоры Эрдинч Гюзель үкімет пен жергілікті әкімдікке қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, компанияның Қазақстандағы жалпы инвестициясы 106 миллиард теңгеден асқанын атап өтті.

Зауытта озық технологиялар қолданылып, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған инновациялар енгізілмек.Айта кетейік, Coca-Cola İçecek компаниясы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесімен танымал болып, бірқатар марапаттарға ие болған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«БІРТҰТАТАС ТӘРБИЕ»  ҰРПАҚТЫ БИІК МҰРАТҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ   

Телеарна ХанТВ

Фискалды чектерде тіл туралы заң талаптары сақталуы тиіс

Телеарна ХанТВ

168 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ЖЕР ҚОЙНЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

Han TV