3.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
aspan

КЕЛЕСТЕГІ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІҢ ЖОЛЫ ҚАШАН КЕСІЛЕДІ?

Ел президенті өз жолдауында;  ауылдық өңірлерді дамыту ісіне айрықша көңіл бөлуді, орталықтан жырақта жатқан ауылдардағы әлеуметтік жағдайды дамыту бүгінде кезек күттірмейтін мәселе деп айтқан болатын. Себебе еліміздің өзегі ауылда жатыр. Қазақ халқы мен ауылдың арасында көзге көрінбейтін рухани байланыс бар деп атап айтты. Осы жолдаудан соң  ауылдарды түлетуге қатысты түрлі жобалар іске асты. Алайда облыста осындай жұмыстардан кейін қалып отқан ауылдар бар. Біздің тілге тиек етіп отырған  нысан Келес ауданына қарасты Ынтымақ ауылы. Мұнда президент жодауына пысқырыпта қарамайтын, халықтың мұң мұтажына құлақ апсайтын басшылар қызмет жасайтын сыңайлы.

Ауданда  күрмеуі шешілмеген мәселелер шаш етектен. Мемлекет тарапынан бөлінген қыруар қаржылар қайда және кімнің  қалтасына кетіп жатыр? Жауаптылардан сұрасаң жұмыс кестеге сай орындалып жатыр дегеннен аса алмаса, керісінше аяқталған жұмыстан  халық нәтижелі  жұмыс көре алмай отыр. Енді жеке жеке осы мәселелерге тоқталсақ, Ауданда ақтөбе  ауылдық округіне қарасты ынтымақ ауылының ауыз су  мәселесін шешеміз деп мемлекет тараптан 800 млн астам қаржы бөлінген, 2021 жылы басталған құрылыс 2022 жылы толық аяқталып, қолданысқа беріліпті. Десекте арада 2 жыл уақыт өтсе де ауыз судың шарапатын көрмедік дейді ашынған тұрғындар.

Осы мәселе бойынша салаға жауапты мамандардан мәліметтер беруін сұрадық. Десекте жауаптылар тіршілік нәрінің болмауы тұрғындардың  өздері кінәлі деп отыр.  Себебі суды дұрыс пайдаланбайды деп айды аспанға бірақ шығарды.

Сөзімізге дәлел болсын деп салаға жауаптылар мен бірге ауылдағы үйлерді араладық . Барлық үйде су бар деп тұрған жауаптыларғы шындық ашшы тиді ме?  Сасқан үйрек артымен сүңгиді демекші  ауыз судық жоқтығын көріп қолын бір  сілтеп кетіп қалды.

Тіршілік көзін сатып алып отырған тұрғындар әкімдік тарапынан танытып отқан салғырттыққа наразы. Тек бұл ғана емес жол мәселесі де ауылда өзекті. Себебі асфальт төселмеген  көшелер жоқтың қасы деуге болады. Мемлекеттен бөлген қыруар  қаражат жол мәселесінде де дұрыс жүйемен игерілмеген . Сол себепті айыппұлда арқалаған.  Мұны жауаптылар өздері мойындап тұр

Өздеріңіз Байқап отырғандай орындарында тапжылмай жылы креслода отырған  басшылардың көбі   жауап беруден жалтарып қызметке жаңадан тағайындалдық  деп ала тондарын ала қашты. Тіпті сол жердегі ұл қыздарының болашағы, ертеңі үшін алаңдап бас көтерген жандарға өз құқығын асыра пайдаландың деп  айыппұл салуға дейін барған көрінеді.

Осылай шырылдаған халықтың мұң мұқтажын айтуға, сұрақтарға жауап алу мақсатында  Келес ауданының  әкімдігіне келдік.  Алайда бізді құшақ жая қарсы алмады. Сонда Келестегі ашық әкімдік қайда?  БАҚ Туралы Заңының кейбір баптарын өрскел бұзып отырғандарын білмейтін сыңайлы.  Дегенмен Президент  саясатына құлақ аспайтынына  тағы бір көзіміз жетті.  Оған дәлел әкімнің тапсырмасым жоқ жанындағы нөкерлерінің тапсырмасы ма  жұмыс уақытында  әкімдіктің күзетшісі есікті ішінен жауып алып, бізді ішке кіргізбеуге тырысып бақты.

Осылайша сыртта 2 сағатқа жуық күттік. Әкімдік ішінде не болғанын, не шешілгенінен хабарсыз болып тұрғанда іштен бір маман шығып, әкімнің іс сапармен кеткенін айтты. Сонда сұрақ? Журналистермен осылай  күттірген әкімдік қызметкерлері, Қара халықтың жағдайын қалай ойласын?  Хош дедік. Әкімді  жұмыста жоқ қылды, ал сапарда деген әкімнің қайда жүргеніненде хабарсыз.

Бір мәлімет алу үшін тілшілерді үш күн бойы күттірген әкім   өзінің жұмысын мықты деп санайма? түсінбедік. Әкім бол халқыңа жақын бол дене нақыл сөз Келес ауданының әкімінен сырт айналып жүрген сияқты. Себебі шырылдаған халықтың мұң мұқтажын тыңдауға құлықсыз ба?  Ауылдағы халық; мал бағып күн көрейін десе халыққа жайылымдық жер мүлдем жоқ , ал егін егейін десе  ағын судың  тапшылығы тағы бар. Халықтың проблемасын аудан әкімінің орынбасарына жеткізгенде, міз бақпатсан ол ауылда проблема жоқ деп айды аспаннан бірақ келтірді.

Түркістан облысының әкімі аудан,  қалаларды аралап Халықпен кездесу барысында  аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, кезек күттірмейтін мәселелерді дер кезінде шешуіді айтып та ескертіп те келеді. Десекте келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев көзбояушылыққа жол беріп, қағаз жүзінде ғана дайын еспетермен шектелетін сыңайлы.  Ауданның басшылары берген құрғақ уәдеден көңілдері әбден  қара қалған халық енді кімге жүгінерін білмей дал.  Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалдының назарына ұсынып, күрмеу шешілмеген мәселеге нүкте қоятынына сенімдіміз.

Related posts

«УЧАСТКЕ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанның сұлу боксшысы Тайландта жұлдызға айналды

admin

ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

Телеарна ХанТВ