19.1 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

РУХАНИ КЕЛІСІМ-БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Рухани келісім-бірлік пен тұрақтылықтың кепілі. Дәл осындай тақырыпта бүгін Достық үйінде діни және этно-мәдени бірлестіктердің  басшыларымен семинар өтті.Жиналғандар жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру бойынша жүктелген міндеттерді түсіндіріп, оны іске асырудың жолдарын талқылады.

 Қоғамдық сананы жаңғырту, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Аталған семинардың негізгі мақсаты- ұлтаралық достық қарым — қатынасты сақтап, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясатты ұстана білуге үйрету, қоғамда тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу.

Семинар этносаралық қатынастарды реттеудегі тәсілдерді жетілдіру, Осы саладағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған. Атаулы шараға діни конфессиялардың  басшылары,этно-мадени бірлестіктердің төрағалары қатысты.Дін мәселелерін зерттеу орталығы тарапынан 3 бағытта жұмыстар атқарылып келеді.Семинар аясында келелі мәселелер ортаға салынып ұсыныс пікірлер айтылды.

Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. 130 ұлт қазақ шаңырағының астында жиналып, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі екендігіне шара барысында тағы да бір көз жеткіздік.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тыңайтқыштардан бастап автокөліктерге дейін: 2025 жылы Қазақстанда 190 индустриалдық жоба іске қосылады

Телеарна ХанТВ

Түркістан – халықаралық туристік орталыққа айналуда

Телеарна ХанТВ

ДҮЛЕЙ ДАУЫЛ ТҰРЫП, БОРАН СОҚТЫ

Телеарна ХанТВ