18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan Ақпарат

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ “ЗЕРДЕ КЕРАМИКА” ЗАУЫТЫН АРАЛАДЫ

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Шымшаһарға сапары аясында “Зерде керамика” зауытына барды. Кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндірістік цехтарды аралады.

Депутат зауыттағы өндірістік желілерді аралап, керамика өнімдерінің қалай шығарылатынын өз көзімен көрді. Зауыт басшылығы депутатқа өндіріс процесінің әрбір кезеңін таныстырып, заманауи жабдықтардың артықшылықтарын көрсетті. Атап айтқанда, өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың енгізілуі ерекше назарға алынды.

Мәжіліс Депутаты Зерде керамика зауытының директорына кәсіпорынды дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы медаль табыс етті. Сондай-ақ, зауыттың отандық өнеркәсіп секторындағы жұмысын жоғары бағалады.

«Зерде» керамика зауыты – Қазақстанның өнеркәсіп саласындағы маңызды нысандардың бірі. Заманауи технологиялар мен сапалы өнімдердің арқасында зауыт құрылыс нарығында сенімді орын алып, ел экономикасына өз үлесін қосып келеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?

Телеарна ХанТВ

«АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМАУҒА ҚАЛАЙ ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК»

«КӨКТЕМ» БАЗАРЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Редактор HAN TV