Елімізде несие алып, қарызға белшесінен батқандар баршылық. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында елде нақты қадамдар жасалып, жүйелі жұмыс қолға алынды. Соның бірі Қарызсыз қоғам жобасы. Бүгін ұлттық ұлан әскери бөлімінде арнайы оқыту курсы өтті.
Мейіржан Асқабай— “Қарызсыз қоғам” жобасының қатысушысы. Қаражатты ұтымды басқарып, шығынды оңтайландыруды үйреніп жүр. Тренинг барысында алған ілімді қолданып, жеке кәсібімді бастау ойда бар дейді ол.
Қазақстанда 2 миллионға жуық адамның несиесі 90 күннен аса мерзімде төленбеген. «Қарызсыз қоғам» жобасының ең маңызды міндеті – қарыздық жүктемені азайту және проблемалық несиелер мәселесін шешу. Шымқалада жоба бойынша биылғы жылдың соңына дейін 11 мыңға жуық азаматты оқыту жоспарланып отыр.
Өткен жылы бұл жоба аясында республиканың 8 өңірі қамтылды. Бүгінде бұл көрсеткіш 22-ге өскен. Енді өтініш бергендер 5 күндік оқу сабағы мен тренингке қатысады. Сондай-ақ қосымша кеңес ала алады.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өткен жылы 65 мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттырған. Ал, биыл 150 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.