28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Құрметті қала тұрғындары! Қала аумағында ветеринариялықсанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энзоотиялық аурулардың алдын
алу, мақсатында, ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 30 қыркүйек айлары
аралығында кенеге қарсы ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку және
тоғыту, қора-жайларды залалсыздандыру шаралары жүргізілетін болады.
Залалсыздандыру жұмыстары ауыл шаруашылығы жануарлары
тіркелген, қора-жайлары бар үйлерде (ақысыз негізде) жүргізіледі. Аталған
ветеринариялық шараларды жүргізу барысында жұмыстың сапалы болуы
үшін, тұрғын үй иелерінен:
— алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуді;
-ірі қара малдарын дезинсекторларға бүрку үшін жеткізуді;
-бал ара шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге бал ара жәшігін
бүрку алаңдарынын алшақ ұстауды;
-ұсақ малдарын арнайы тоғытуға арналған әуіттерге жеткізуді
сұраймыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды сондай-ақ дезинфекция жұмыстары
жүргізілу барысында жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз.
Жауапты ұйым: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және
ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/15 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨСІРІЛГЕН БАНАН МЕН ӨҢДЕЛГЕН ЖЕМІС ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

«ЖАҢА ӨМІР» ЖОБАСЫ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Телеарна ХанТВ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Телеарна ХанТВ