aspan

НҰРГҮЛ ШАМШИЕВА НЕГЕ ҚАШЫП ЖҮР?!

Шымкент қаласы білім  басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева неге қашып жүр? Бүгін басқарма басшысы  азаматтық қоғам,  институттарымен байланыс,  әлеуметтік саланың дамуы жөніндегі түрақты комиссияның отырысына келіп есеп беру керек болатын. Алайда басқарма бамшысы аталмыш жиында бой көрсетпеді.

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиеваның басынан неге дау арылмай қойды?   Комиссия  отырысына келмеген басқарма басшысының меңзегені не?  Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған «Азаматтық қоғам институттарымен байланыс, әлеуметтік саланың дамуы жөніндегі» тұрақты комиссияның отырысына келіп, білім саласының өзекті мәселелері бойынша  оның ішінде оқушылар арасындағы суицид, жүктілік, есірткі қолдану, жол-көлік оқиғалары және өзге де құқық бұзушылықтар туралы есеп беру керек болатын .

Жауапсыздықты осыдан ақ байқауға болатын сыңайлы.Тіпті комиссия төрағасы өзі де қоңырау шалып, басқарма басшыссын ала алмады.  Жиналғандар басқарма басшысының  мұндай әрекеті бірнеше  рет қайталанып отыр дейді.

Комиссия мүшелері шамшиева мәселесін қоғамдық кеңеске салуды ұсынып, қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы  мен шымкент қаласы әкімі  аппаратының  басшысы Ержан Сейтеновтың  назарына жеткіземіз деп отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша тойы тойланды.

Телеарна ХанТВ

ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Телеарна ХанТВ