21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

«JUST QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

2024 жылы Халықаралық жастар күнін мерекелеу елімізде 3-12 тамыз аралығында мегаполисте Жастармен бірге!» ұлттық онкүндік шеңбері аясында 10 бағыт бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Соның бірі қалалық саябақтардың бірінде ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар арасында «Just quiz» интеллектуалды сайысы өтті. Аталған шараға мегаполистегі белсенді жастар мен қала тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.

Сайыстың мақсаты – қала жастарының зияткерлік қабілеттері, білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Интеллектуалды ойынға қатысқан жастар да аталмыш шараның маңызды екенін атап өтті.«Just quiz» интеллектуалды сайыста жастар 4 топқа бөлініп, түрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, сондай-ақ қызықты кезеңдерде бақ сынасты. Әр кезеңде топтар ұпай жинап, соңында қорытынды ұпай саны жарияланып, жеңімпаз топтар арнайы алғыс хаттар мен сыйлықпен  марапатталды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

Телеарна ХанТВ

ЖАСТАРTIMES: FACE OF TALANT 2024

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ