16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
aspan

АҚША ДА ЖОҚ , МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

Ақша да жоқ, мал да жоқ.Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тұрғындары қаражатынан қағылып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды.Соғымға мал өткізіп, алаяққа алданып, ақшасын әлі күнге дейін ала алмай жүр.Тұрғындардың жанайқайын әріптесім тыңдап қайтқан еді.Сюжет көріңіз.

Түркістан облысы, Ескі Иқан ауылының тұрғындары саудамен айналысамыз деп алаяқтың арбауына түсіп қалды.Өткен жылдың желтоқсан айында Қарабұлақ елді мекенінде тұратын азаматқа соғымға мал өткізіп, қаражатын әлі күнге дейін ала алмай жүр.Малы мен ақшасынан қағылған тұрғындар құрғақ уәде шаршатты деп ашынып отыр.

Тұрғындарда бұл іске қатысты дәлелдеме жеткілікті.Сан соқтырған азаматтан қолхат жазып алған.Тіпті,  хабарласып, хат алмасып,  қаражатты қайтарып беруді сұраған.Бірақ, нәтиже жоқ.

Ал малды артып апарған ауыл тұрғыны қаражатын уақытылы алып тұрғанын айтты.Ауылдастарының алданғаны жайлы енді ғана біліп тұрмын дейді ол.

Ауыл тұрғындары облыстық прокуратураға барып, базынасын жеткізіпті.Болған істің жай жапсарын тарқатып, арыз жазған.Түйткілдің түйінін шешуді құзырлы органдардың қарамағына қалдырдық.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МОПЕД МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЛАҢКЕСТІК ЖАРЫЛЫСТАН СЕГІЗ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

ТҮНГІ КЛУБТАҒЫ ӨРТТЕН 59 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ