15 қыркүйектен бастап,Қазақстанда Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымындарын еркін таңдау науқаны басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Егерде қазіргі кезде тіркелген емхананың жұмысы қанағаттандырмаса, емхананы еркін таңдау арқылы басқасына ауысуға үлкен мүмкіндік болады.Тіркеу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі консультациялық-диагностикалық қызмет,ауруханаға жатып емделіп,кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне және медициналық көмек алуға құқық береді.
Емханаға үш тәсіл арқылы тіркелуге болады. Біріншісі тікелей таңдалған медициналық ұйымға жүгіну арқылы болса екіншісі электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде. Ал,үшіншісі халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беру арқылы жүзеге асады.Емхана ауыстырғысы келген азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет және сол жерде бас дәрігердің атына өтініш жазуы тиіс. Тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Жылына бір рет еркін таңдау құқығымен қатар, адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырған жағдайда, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса, жойылса және басқа да жағдайларда емхананы ауыстыруға құқылы.
МСАК ұйымына еркін тіркелуді таңдаған кезде, олардың осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және тіркеу куәлігінде көрсетіледі. Науқан кезеңінде тіркелген халыққа жаңа әлеуетті жеткізушілермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызмет көрсету келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуге шарттар жасалған жағдайда жүзеге асырылады.
Айта кетейік, емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Барлық емхана аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.Шымкент қаласының тұрғындарына 58 бастапқы медициналық-санитарлық ұйымдар көмек көрсетеді, оның ішінде 14 мемлекеттік емхана және 44 жеке емханалар.2023 жылы 3 жаңа емхана ашылып, 26 мың залық тіркелсе, 2024 жылы 6 жаңа емхана ашылып, 27 мың халық тіркелген.