aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА БІРҚАТАР ҚЫЛМЫС АЗАЙҒАН

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов, аппарат пен облысқа қарасты аудандық, қалалық полиция басшыларының жұмысын пысықтады. Яғни үлкен мәжіліс залында өткен жедел кеңесте 2024 жылдың 6 айында тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстың нәтижелері қаралды. Департамент бастығының орынбасарлары өздеріне бекітілген құрылым бойынша баяндамалар жасап, есеп берді.

Статистикаға сүйенер болсақ, Түркістан облысында ағымдағы жылдың 6 айында 2551 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда 2,3 %-ға төмендеді. Оның ішінде қылмыс саны 7,9%-ға азайған. Жалпы ұрлық қылмыстарының тіркелімі – 516-дан 330-ға азайған. Пәтер ұрлығы қылмыстарының тіркелімі 47,5%-ға азайған. Мал ұрлығы қылмыстарының тіркелімі 95-тен 50-ге төмендеген. Тонау қылмыстары 31%-ға төмендесе, бұзақылық қылмыстары 26,4%-ға қысқарған.

Жиын соңында полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға балалар қауіпсіздігі, алаяқтық қылмыстары мен жол көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Себебі бүгінгі күннің басты мәселелері осылар болып табылады. Сондай-ақ 15 бағыт бойынша нұсқаулар беріп, жыл соңына дейін оң нәтижеге жетуге бағыттады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындар тыныштығын сақтауда жұмысты жандандыруға шақырды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ASAR BASPANA» ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ ҰСТАЛЫП, 1,2 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ЖЕҢІС ЖОЛЫН ЖАҚЫНДАТҚАН ҚАҺАРМАН

Телеарна ХанТВ