Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының басынан дау арылмай—ақ қойды.Соңғы кездері әлеуметтік желіде Шымкент қаласының білім беру саласына қатысты бірнеше сыни пікірлер айтылып келеді. Алайда аталған мәселелерге қатысты оң өзгерістерің орын алғаны байқалып жүрген жоқ.Күні кеше ғана қалалық білім бөлімінің жұмысына қатысты тағыда түсініспеушілік орын алды. Бұл жолы Мегаполисіміздің бас педагогі Нұргүл Шамшиеваның жұмысына қаладағы жекеменшік балабақшалардың құрылтайшылары көңілдерінің толмайтындарын айтып наразылықылық танытты.
Қалалық әкімдік маңына жиналған балабақшалардың директорлары басқа да бірқатар проблемаларды, соның ішінде кадрлық өзгерістер мен ақпараттық платформалардағы келеңсіздіктерді атап өтті. Мәселен Айналайын-Балапан балабақшасының құрылтайшысы Қарлығаш Сәрсенбекова, наурыз айында іске қосылған пилоттық жобаның жұмысында жүйелік жоқ екенін айтады.
Айта кетейік, Балабақша меңгерушілерімен кездесу барысында аталған саладағы бірқатар олқылықтардың бар екенін алға тартқан Нұргүл Ақылбекқызы, осы мәселе бойынша министрлікке хат жолдайтынын айтты.
Білім басқармасы қызметкерлерінің түйткілді мәселелерді шешудегі салғырттығын ұсақ-түйектен де байқауға болады. Мәселен басқарма мамандары балабақша құрылтайшысыларына мардымды жауап қайтармаған. Соның салдарынан кеткен шығындардың орнын кім толтыратынын бақша меңгерушілері де білмей отыр.