9.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
aspan

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Көктем-жаз басталса кене де оянып, өз тіршілігіне кіріседі. Күн қатты ысыған  сайын олардың  белсенділігі жоғарылайды. Сол себепті, шілдедегі аптап ыстықта  кене шағуынан болатын Конго-Қырым  қызбасы  да белең алып жатыр. Ағымдағы жылы ауруын асқындырып алған 1 науқас көз жұмды.  Кенеден қалай сақтану керек? Әріптесім айтады

Жыл басынан бері шаһарда конго қырым қанды қызбасы бойынша 5 жағдай тіркелді.Алайда, оның 2 –і ғана расталған.Науқастардың бірі дертін асқындырып алып, қызбадан қаза тапты.

Теріге енген кенені бірден алып тастау оңай емес. Сондықтан дәрігердің көмегі қажет.Жәндік  шаққан кездегі алғашқы белгілері адамның басы қатты ауырып, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Тіпті, дене қалтырап, тері бөртіп қызаруы да байқалады. Сондай-ақ бұлшықет ауырып, адамның тыныс алуы қиындап, тамаққа деген тәбеті жоғалып, жиі шаршаңқы күйге түседі. Ондай кезде адам өз бетінше әрекетке бармай бірден  дәрігердің қабылдауына жүгінген абзал дейді, мамандар.

Айта кету керек  жауапты сала мамандары елді мекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілу кезінде өте мұқият болып, дәрілерден араларды сақтап қалу жолын қарастыруды сұрайды. Өйткені қауіпті жәндіктерді жою барысында кей жәндіктерге зияны тиіп кетуі мүмкін екендігін алға тартты. Көп жағдайда қауіпсіздіктің алдын алмастан опық жеп жататындардың баршылығы жасырын емес. Сондықтан да «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы жанымызға жақын ұстағанымыз абзалырақ.

 

 

Related posts

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ОФИЦЕРЛЕРІ ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕГІ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІН ТЕКСЕРДІ

admin

ТҰРҒЫН АНАСЫН АУРУХАНАҒА ЖЕДЕЛ ЖЕТКІЗГЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Телеарна ХанТВ

«Сегодняшний референдум показывает, что в стране царит открытость и гласность».

Телеарна ХанТВ