25.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
Ақпарат

50-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Халыққа сапалы қызмет көрсету, жайлы жағдай жасауға ден қойылған. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша облыста 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт. Облыстың денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарына жергілікті өндірушілердің материалдарын қолдануды тапсырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАСЫЛ АЙМАҚ АПТАЛЫҒЫНДА МАЗАРАТ МАҢЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Телеарна ХанТВ

КӨГАЛДАНДЫРУ, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕР АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ