Шаһарда өкпе ауруына қарсы ахуал тұрақты. Жыл басынан бері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді. Ал мамандар туберкулез ауруына шалдыққандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есеге азайған.
Туберкулез жұқпалы жұқпалы аурулардың қатарына жатады. бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының сүйектердің, бүйректердің, мидың және терінің, сондай-ақ басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі елімізде жиі кездеседі. Жұқтырудың негізгі көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам. Сол себепті мамандар ауруға қарсы вакцинацияны жыл сайын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Сол себепті мамандар туберкулез денеңізде анықталған жағдайда дереу медициналық жолмен емделу керектігін атап өтті.