Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Шымкент Қаласының  әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастырудың тетіктері қарастырылып, өзекті мәселелер пысықталды.
Республикалық экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Акция аясындағы атаулы 5 аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады. «Киелі мекен» шарасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады.
 Қала әкімі жауаптыларға белсенді азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, жергілікті халықты сенбіліктерге тартуда нақты тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы шаралардың тұрғындар жауапкершілігін арттырып, қала тазалығын жақсартуда маңызы зор.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 1 000 МВт БУ-ГАЗ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Han TV

Заң, спорт және болашақ: Абай ауданында оқушылар ҚР прокуратурасының 35 жылдығына арналған футбол матчына қатысты

Han TV

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ НАСИХАТТАУ, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙГЕН

admin