3.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
Жаңалықтар

Павлодарда су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы алып жатыр

Павлодарда облысында су тасқынынан зардап шеккен жандарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлім етті.

«Су тасқыны кезінде зардап шеккен барлық тұрғынға жан-жақты көмек көрсетіледі. Арнайы комиссия келтірілген залалды бағалап, оның қорытындысы 10 сәуірге дейін дайын болады. Осылайша зардап шеккендерге бюджеттен тыс қорлардан өтемақы төленеді. Тағы да айта кетейін, су тасқыны кезінде зардап шеккен жандар назардан тыс қалмайды. Бүгінде облыстың басқа аудандарында бюджеттен тыс қаражаттан 38 млн теңгеге су тасқынынан мүлкі зардап шеккен 71 адам өтемақы алды», — деді Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, өңір басшысы осы аптада зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы мемлекеттік әлеуметтік төлем өтелетінін айтты.

Павлодардағы Ұзынсу ауылын топан судан қорғау үшін бұзылған жол қалпына келтірілді.

Айта кетсек, бүгін Павлодардың Жалаулы ауылында жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды.

Өңірдегі жағдай тұрақталуына байланысты павлодарлық құтқарушылар көрші өңірге көмекке аттанды.

Related posts

Алтай Көлгінов жаңа лауазымға ие болды

admin

Есілдегі көлік жуу орнында полицей мен азаматтық азамат көліктен өлі күйінде табылды

admin

«СПЕЦИАЛЬНЫЙ РЕПОРТАЖ»: ДЕТСАДЫ ПРОТИВ ГОРОНО

Телеарна ХанТВ