Жаңалықтар

Майқайыңдағы апат: Із-түссіз жоғалған құтқарушының отбасы әлі күнге дейін өтемақы алмаған

Әлі күнге дейін табылмаған Айдос Шәймерденнің әпкесінің айтуынша, үкімет құтқарушының 12 жастағы ерекше күтімді қажет ететін қызына 10, екі жастағы баласына 10 миллион теңге өтемақы төленеді деп уәде берген. Басқа құтқарушылардың отбасы материалдық өтемақы алып қойған. Ал оның отбасына ақшалай көмек әлі көрсетілмеген. Ал индустрия және құрылыс министрлігі бұл мәселе, тікелей министрліктің құзыретіне жатпайтынын жеткізді. Бұған дейін, қаңтарда Майқайыңалтын кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткен еді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Күндіз болған қанды қылмыс: Шымкентте аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру ісі бойынша алты адам 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Han TV

Алматыда үш есе сальто: мотоциклшінің құлауы видеоға түсіп қалды

admin

БҰҰ Газадағы атысты тоқтату туралы қарар қабылдады

admin