31.5 C
Shymkent
10 июня, 2026
Жаңалықтар

ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДЕ ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН

Жалдамалы пәтерде есірткі өсірген: Шымкентте екі фитозертхана жойылды Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасы арнайы іс-шаралар барысында 37 жастағы тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігін ұстады. Көлік ішінде марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығы табылды. Азаматтың жалдаған пәтерін тексеру кезінде фитозертхана анықталды. Арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген. Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінде де анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады. Оның ішінде қарасора бұталары мен көшеттері және 15 дана бір литрлік сиымдылықтарға салынған марихуана бар. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Телеарна ХанТВ

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ НАСИХАТТАУ, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙГЕН

admin