Жаңалықтар

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан отбасы сотталды

Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған, деп хабарлайды hantv.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген. Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады.

Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді. Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.

Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«АҚША ДА ЖОҚ, ЖОЛ ДА ЖОҚ!»

Телеарна ХанТВ

КЕЛЕСТЕ БИЫЛ 600 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПЕН СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

Түркістан облысында екі көпір су шайып кетті

admin