Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕС МЫҢҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

17 — наурыз «Шаңырақ» күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысып, жаңадан босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.
Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында мемлекетігіміздің тамыры тереңде екенін, тарихымыз тереңде жатқан ұлт екенімізді айта келіп, жыл басы Наурыз мерекесін тойлауға ерекше баса назар аударған болатын. Міне осыған сәйкес Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді.
— Наурызды тойлау бүгін Шаңырақ күнімен жалғасуда. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын. Мемлекет басшысы, үкіметімізде біздің халықтың санының молаюына ерекше мән беріп, қолайлы жағдай жасап отыр, — деді Сәрсен Абайұлы.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша төрт перзентхана жұмыс істейді. Қалада жыл басынан бері 4911 сәби дүниеге келді. Оның 2493-і ұл және 2418 қыз баласы.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

Han TV

МАҚТА, ЖЫЛЫЖАЙ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІСКЕ АРНАЛҒАН ӨНЕРКӘСІП ПАРКІ: СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Han TV

ШЫМКЕНТТЕГІ ӨНЕР МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ ДАУ: ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР 50 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСА ҚАРЫЗ БАРЫН АЙТАДЫ

Han TV