9.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
Жаңалықтар Қоғам

1688 Alibaba Қазақстан нарығына шықты

Алматыда қазақстандық Jana Post IT стартапы мен қытайлық 1688 Alibaba базары арасындағы ынтымақтастық туралы конференция өтті. Шара барысында отандық бизнестің Қытаймен өндіріс пен сауда саласындағы жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Rixos Almaty қонақ үйінің мәжіліс залы Қытаймен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін білгісі келген 1000-нан астам кәсіпкерлер мен бизнесмендерді қарсы алды. Шара барысында 2024 жылғы бизнес тенденциялары және делдалсыз микробизнесті дамыту сияқты тақырыптар қозғалды.

Сөз сөйлегендердің қатарында Тимур Жәркенов, Арман Сүлейменов, Сырымбек Тау сынды экономиканың түрлі саласының өкілдері болды.

«Қазіргі уақытта қазақстандық бизнес үшін ынтымақтастықтың таңғажайып мүмкіндіктері ашылды, өйткені біздің компания Қытайдан келетін тапсырыс беруші мен зауыт арасында тікелей көпір салуда», — деді Jana Post бас директоры Сержан Тоқай.

«Біздің мақсатымыз — Қытайдан сатып алуды цифрландыру, бұл қызмет көрсету деңгейі мен жеткізу жылдамдығын арттырады. Jana Post миссиясы — логистика саласында революциялық жаңа IT шешімдерді жасау. Бұл шешім осы жылы осындай елдер үшін қолжетімді болады. Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия сияқты», — деді Jana Post негізін қалаушы Алмас Рысбеков.

Компания 2024 жылға Қазақстан бойынша 250 филиал ашуды және 5 мыңға жуық серіктесті оқытуды жоспарлап отыр, олар өз кезегінде одан да көп адамдарды Jana Post қосымшасының мүмкіндіктерін пайдалануға үйретеді және Қытайдан тікелей тапсырыс береді. Қазіргі уақытта біздің нарықта тек бөлшектік тапсырыстар (drop-shopping) қолжетімді. Jana Post қолданбасын Play Market және App Store дүкендерінен табуға болады.

Related posts

ҰҚК: Алматы әуежайында жалған француз төлқұжаты бар шетелдіктер ұсталды

admin

ТАЗАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin

Жапон ғалымы: Көктөбе телемұнарасы сейсмикалық дүмпулерге дайын емес

admin