Жаңалықтар Қоғам

ҰҚК: Алматы әуежайында жалған француз төлқұжаты бар шетелдіктер ұсталды

Aлматы әуежайында жалған француз төлқұжаты бар шетелдіктер ұсталды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз көші-қон жолы ретінде пайдаланудың кезекті әрекетін тоқтатқаны атап өтілді.
«Сонымен, 2024 жылдың 1 наурызында Алматы халықаралық әуежайында шекаралық бақылау кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған екі шетелдік ұсталды.Арнайы техникалық құралдардың көмегімен олардың жарамсыздығы расталды.Жалған төлқұжаттар тәркіленді, шетелдік азаматтар депортацияланды», — деп хабарлады ведомстводан.
Жыл басынан бері мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі шекарашылар жарамсыз және шетелдік төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісін тоқтатқаны хабарланды. Еске салайық, 15-16 қаңтарда Алматы әуежайында Франция мен Грекияға жалған құжат ұсынған үш шетелдік ұсталған болатын.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу: Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды

admin

ҚАЗЫҒҰРТТА АМЕРИКАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Han TV

Қазақстанда көлік жуу орындарына суды қайта қолдануға мүмкіндік беретін қондырғылар қойылмақ

Han TV