26.3 C
Shymkent
29 августа, 2025
Қоғам

ДӘРІГЕР – ЕҢ ҰЛЫ ӘРІ ҚАСТЕРЛІ МАМАНДЫҚ

Еңбек адамының ел үшін, қоғамның дамуы үшін айрықша маңызын үнемі айтып келеміз. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады».Бүгінгі кейіпкеріміз өмірінің 48 жылын медицина саласына арнаған жан Батпа Ережепқызы.

Батпа Ережепқызы 1960 жылы Бәйдібек ауданы Шалдар совхозында дүниеге келген. 1977жылы мектепті бітіргеннен кейін Бәйдібек аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында кіші буын тазалықшы болып жұмысқа орналасады. Міне содан бастап Батпа Ережепқызының медицина саласында еңбек жолы басталады.

Дәрігерлерлік еңбек жолында кейіпкеріміз әліде ұстаздық етіп келеді. Бүгінгі таңда Батпа Ережепқызы зейнетке шықса да, зейіні жұмыста.Қазір білікті дәрігер ОҚО Медициналық академиясында болашақ дәрігерлерге дәріс береді.Сонымен бірге жақында Астана Медициналық университетінен келген студенттерге арнайы дәріс беріп жатыр.

Дәрігерлікті ұрпақтан-ұрпаққа жалғаған  Бейсетаевтар әулеті еліміздегі медицина саласының өркендеуіне үлес қосып келеді.Өйткені Батпа Ережепқызының сыңарыда Зәуре Ережепқызы Бәйдібек ауданы Боралдай ауруханасында медбике болып қызмет жасайды. Бізді ғұмыр бойы адалдық пен адамдыққа жетелеген ата анамыздың берген тәлім тәрбиесінің арқасы дейді кейіпкеріміз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Бүкіл ауыл бойынша өлі иттер»: қазақстандықтарды аулау жағдайы қорқытады

admin

Әлеуметтік желілерде Рудный қаласындағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таратылды

admin

Қазақстанда автобус жүргізушісі мамандығы бойынша білім алғысы келетіндердің саны 20 есеге азайды

admin