Қоғам

ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет шаһарды аралап, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын көрді. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы маңында бульварды көгалдандыру барысын қадағалаған облыс әкімі жауаптыларға тапсырмалар берді.

Бүгінде Түркістан облысының барлық аудан, қаласында тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде Түркістан қаласында бұл мәселе қатаң бақылауға алынған. Қала аумағын көгалдандыру мақсатында биыл көктемде шаһар аумағына 202 400 түп ағаш көшеттерін егу жоспарланып, жұмыстар жүруде. Түркістан қаласындағы көгалдандыру нысандарын күтіп-баптау жұмыстары 626 гектар аумақта жүргізіледі. Аталған жұмысқа «Жасыл Түркістан» КММ-і жауапты. Қалада абаттандыру саласы бойынша 2024 жылы жалпы 53 нысанның құрылысын жүргізу межеленген. 23 ойын алаңшасы, 4 саябақ пен сквер және 22 нысанда негізгі көшелердің көгалдандыру жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Халық емшілері көмектеспеді: Алматыда хирургтар екі әжені аман алып қалды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ 34 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

admin

Оқытушылар мен ғалымдарға қосымша ақы төленбек

admin