5.3 C
Shymkent
2 марта, 2026
aspan

ЗАҢСЫЗ ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалауға байланысты қылмыстық әрекеттің жолын кесті. Профилактикалық іс шаралар барысында тұрғын үйдің қабырғалары мен қоршауларға есірткі сататын интернет-ресурстардың жазбаларын қалдырып жүрген ер адам ұсталды.

 Тергеу мәліметінше, ол қаңтар айынан бастап қала аумағында жүйелі түрде граффити салып, мессенджерлер арқылы жұмыс істейтін есірткі тарату арналарына сілтемелерді насихаттаған. Күдікті кезекті жазбаны қалдыру кезінде қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Есірткі жарнамасын орналастыру -азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға бағытталған қылмыстық схеманың бір бөлігі. Қала аумағында мұндай қылмыстарды манықтау және жолын кесуге бағыттаған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

ТӘРБИЕШІ ОФИЦЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

160 САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ