5.3 C
Shymkent
2 марта, 2026
aspan

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІН АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1 наурыз — Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мереке халықтың бірлігі мен өзара құрметін, ынтымағын айқындайды. Осы күні қазақстандықтар бір-біріне алғыс білдіріп, ерлігі мен жанқиярлығы елдің бейбіт болашағына негіз болған аға буын өкілдеріне құрмет көрсетеді.

 

Осыған орай Түркістан облысында мереке қарсаңында әскери қызметшілер дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері Калмен Муратовтың шаңырағына барды.Ардагердің үйінде Түркістан облысы Ордабасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Бақдәулет Ташпулатов орынбасарымен бірге болып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың атынан құттықтау хатын табыс етті. Құттықтауда ардагерлердің ерлігі мен жанқиярлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны атап өтілді.Қонақтар бүгінгі Отан қорғаушылар буынының атынан Калмен атаға ризашылықтарын білдіріп, қанша жыл өтсе де майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді. Биыл ардагер 102 жасқа толды.

Калмен Муратов көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін алғыс айтып, тәуелсіз Қазақстанға бейбітшілік, тұрақтылық және өсіп-өркендеу тіледі:

1944 жылы Витебск түбіндегі ұрыста жараланып, II топтағы мүгедек болып елге оралды. Оның жауынгерлік жолы «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.Соғыстан кейін Калмен ата ұзақ жылдар «Боржар» колхозында бригадир болып еңбек етті, кейін теміржол саласында қызмет атқарды. Жұбайымен бірге алты ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ардагер 31 немере мен 34 шөберенің ардақты атасы.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«АЛЬФРЕД» ДАУЫЛЫ САЛДАРЫНАН МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ

Телеарна ХанТВ

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Телеарна ХанТВ