Шымкентте Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурызнама» атты ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл туралы өткен брифингте қала әкімінің орынбасары мәлімдеді. Биылғы мерекенің басты ерекшелігі – жасанды интеллект технологияларының қолданылуы. Жоспар бойынша, мерекелік шаралар 10 күнге созылып, 14 наурыздан басталады.
