-4.7 C
Shymkent
10 марта, 2026
aspan

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында табиғи газдандыру жұмыстары толық аяқталып, аудан халқы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылды. Өткен аптаның соңында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекені соңғы болып табиғи газ жүйесіне қосылды. Осылайша аудандағы 68 елді мекеннің барлығына газ жеткізіліп, көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жоба өз мәресіне жетті.Аталған қуанышты сәтке орай Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов елді мекенге  арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы аудан аумағында табиғи газбен қамту бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтып, бұл – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Жиын барысында табиғи газ желісін тартуға жауапты мекеме басшылары мен мердігер ұйым өкілдері де сөз алып, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Олардың айтуынша, жоба аясында елді мекендерге газ құбырларын тарту жұмыстары жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүргізілген. Нәтижесінде аудан тұрғындары көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алып отыр.Кездесуге қатысқан ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да қуаныштарын жасырмай, елді мекенге табиғи газ жеткізуге атсалысқан барлық азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Олар газдың келуі ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысын едәуір жеңілдетіп, қысқы маусымда отын дайындау мәселесін шешуге үлкен көмек болатынын айтты.Айта кетейік, соңғы жылдары Мақтаарал ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізіліп, бүгінгі таңда аудан толықтай көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауданның әлеуметтік және экономикалық әлеуетін арттыруға серпін бермек.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ASEM CLINIC» МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

НҰРГҮЛ ШАМШИЕВА ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Телеарна ХанТВ

Кәсіпкерлерге корпоративті ипотекалық бағдарламалар таныстырылды

Телеарна ХанТВ