Шымкент жастар театры Наурыз мейрамына орай көрермендерге «Ұлыстың ұлы күні» атты этно-фольклорлық сахналық қойылым ұсынды. Мерекелік туынды қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрлерін кеңінен таныстырып, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеуді мақсат етеді. Қойылымда халқымыздың көне дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен Наурыз мейрамының мән-мағынасы сахналық көріністер арқылы бейнеленеді. Театр ұжымы көрермендерге ерекше мерекелік атмосфера сыйлауға дайын. Аталған қойылым 10–20 наурыз аралығында Шымкент жастар театрында он күн бойы сахналанады.
АЛДЫҢҒЫ ПОСТ
Келесі пост
