1.3 C
Shymkent
28 февраля, 2026
aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Редактор таңдауы Шымкент

ЭКС ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ НҰРЖАН ТІЛЕУОВТІҢ ІСІ ҚАЙТА ТЕРГЕУГЕ ЖІБЕРІЛЕ МЕ?

Қоғамда қызу талқыланған Нұржан Тілеуовке қатысты іс бүгінде бір ғана қылмыстық процесс шеңберінен шығып кетті.

Бұл — жүйеге деген сенім, құқықтың үстемдігі және әділ сот қағидаты сынға түскен сәт. Сот барысында ұсынылған айғақтар мен дәлелдердің қисыны қоғам көкейінде сан сауал туғызды. Егер арандату болды деген күдік бар болса, ол неге терең әрі тәуелсіз сарапталмады? Егер қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану туралы деректер айтылса, оған нақты құқықтық баға берілді ме?

Шымкент қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Жұбаныштің рөліне қатысты жайттар да айқындықты талап етеді. Қызметтік ықпал ету, туыстық байланыстар, іске үшінші тұлғаларды тарту туралы мәліметтер — бұлар жай ғана қауесет емес, сотта көрсетілгенресми тексерілуі тиіс дерек емес пе? Егер мұндай мәселелер үстірт қаралса, онда процестің объективтілігіне қалай сенеміз? Бұл іс тек айыпталушының ғана емес, бүкіл құқық қорғау жүйесінің айнасына айналды. Заңды күзететін органның ішінде заңға күмән туса — бұл қоғам үшін ең қауіпті сигнал. Өйткені адамдар сот үкімімен ғана емес, сол үкімнің әділ шығарылғанына деген сеніммен өмір сүреді.

Сотта сұрақтан сырғыған Жұбаныш, шындықтың жүзінен сырғи алмайды.Бір полицейдің көп жылғы қызметі, оның абыройы, балаларының болашағы — бәрі таразы басында тұр. Екінші тараптың да жауапкершілігі мен әрекеті қоғам назарында. Егер шындық толық ашылмаса, бұл дау ұзаққа созылады. Ал күмән ұзақ өмір сүрсе, сенім қысқарады. Сондықтан мәселе бір үкімнің мазмұнында емес — сол үкімге апарған жолдың қаншалықты әділ болғанында. Сот процесі сырт көзге ғана емес, мазмұны жағынан да ашық өтті ме? Әр дәлелдің салмағы тең өлшенді ме, әлде кейбір жайттар назардан тыс қалды ма? Қоғам дәл осыған жауап іздейді.

Егер шешім нақты фактілерге, терең сараптамаға және заң талаптарына сүйеніп шығарылса — ол қаншалықты ауыр болса да, қабылданады. Ал егер процесте күмән тудыратын тұстар түсіндірілмей қалса, бұл сұрақтар ертең қайта оралады. Өйткені әділдік тек жария етілмейді — ол дәлелденуі керек. Соттың басты міндеті — тек нүкте қою емес, күмәннің орнын айқындықпен алмастыру. Егер айқындық болмаса, кез келген үкім ұзақ талқының өзегіне айналады. Ал құқықтық мемлекетте ең қауіптісі — жазаның қатаңдығы емес, сенімнің әлсіреуі.

Сотта айтылған айғақтар мен қорғау тарапы көтерген күмәндерге қарамастан, Нұржан Тілеуов 6 жылға сотталды. Арандату туралы уәждер де, айыптаудың негізсіздігі жайлы дәлелдер де әзірге үкім таразысын аудара алмады. Осылайша, отыз жылдан астам елге қызмет еткен полиция полковнигінің тағдыры – түйіні толық тарқамаған, сұрағы жауаптан көп істің көлеңкесінде қалды.Алғашқы үкім – соңғы нүкте емес. Нұржан Тілеуов ісі апелляцияда қайта қаралады. Енді таразының басына тек айып емес, күмән мен дәлелдің салмағы қатар қойылуы тиіс.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазаққа тіл тигізген қарағандылық әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

admin

“АМАНАТ” ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Телеарна ХанТВ

ЕҢБЕК ЕЛЕНІП, ҰСТАЗ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ