-10.7 C
Shymkent
12 марта, 2026
aspan

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары баяндалды. Нұралхан Көшеровтің айтуынша, өңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құраған. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге артқан. Ал 2025 жылы аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция тартылды. Оның 1,4 триллион теңгесі – жеке инвестициялар. Сондай-ақ, тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 миллиард долларға жеткен. Бұдан бөлек, өткен жылы жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІРЛЕСКЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗДІ

Телеарна ХанТВ

70 МЫҢ АДАМ ШЕРУГЕ ШЫҚТЫ

Телеарна ХанТВ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ ПІКІР АЛМАСТЫ

Телеарна ХанТВ