Жезқазғанда Патрульдік полиция инспекторлары қала көшелерінде жүргізушілерді мерекемен құттықтады. Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке қосып жүрген үлестері үшін алғыс айтты.
Жүргізушілер күтпеген мерекелік құттықтауға ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Алғыс айту күні — сыйластық пен бірліктің, мейірім мен татулықтың мерекесі. Осындай айрықша күнде баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға береке мен баянды бақыт тілейміз. Әр сапарыңыз қауіпсіз болсын!
