3.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
Соңғы жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ҚАЙНАР ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШАҒЫМДАРЫН ЖЕТКІЗДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БАЛШЫҚ КЕШІП, БАТПАҚҚА БАТЫП ЖҮРГЕНІ ЖӨНІНДЕ ЖАНАЙҚАЙЫН ЖЕТКІЗДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ HAN-TV ТІЛШІСІ  Almaty TV АРНАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАП ХАБАРЛАЙДЫ.

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛҒА ШЫҚСА ЛАЙ-БАТПАҚҚА МАЛЫНЫП ЖҮРЕТІНІН КҮЙІНІП АЙТЫП ОТЫР. КҮНДЕЛІКТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІ МЕКТЕПКЕ БАРЫП КЕЛУІ ҚИЫНҒА СОҒАТЫН КӨРІНЕДІ. МЕКТЕПКЕ КҮНДЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНАН БӨЛЕК АУЫСТЫРАТЫН КИІМДЕРІН ДЕ ТАСИДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР ЛАЙ КЕСІРІНЕН АУЫЛҒА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ МЕН ТАКСИ ДЕ ЖЕТЕ АЛМАЙДЫ. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАКСИ ТҮГІЛІ ӨЗДЕРІ ДЕ КӨЛІКТЕРІН ОРТАЛЫҚҚА ТАСТАП КЕТЕДІ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ “БИЫЛ 5 ШАҚЫРЫМ ЖОЛДЫ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР. БҰЛ ШАМАМЕН СЕГІЗ КӨШЕ. ЖҰМЫС МАМЫР-МАУСЫМ АЙЛАРЫНА ЖОСПАРЛАНҒАН. ҚАЛҒАН КӨШЕЛЕРГЕ ДЕ ҚАРЖЫ БӨЛУІН СҰРАП ЖАТЫРМЫЗ. ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛАТЫНЫ БИЛІКТІҢ ҚАРЖЫНЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТЕЗ БӨЛІНЕТІНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ”, – ДЕП ЖАУАП БЕРДІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҢ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ НҰРБОЛ ЕСЕНБАЕВ. ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМДІГІ ЖҰРТТЫ АУЫЛДАҒЫ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР ДЕП СЕНДІРДІ. БИЫЛ ЖОЛДЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУГЕ 280 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН. АЛАЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АЙТУЫНША ОКРУГ ӘКІМІ ӨТЕ СИРЕК АЯҚ БАСАДЫ. АЙТА КЕТЕТІН ЖАЙТ, ЖОЛДЫҢ БАТПАҒЫНАН БӨЛЕК, АУЫЛДА ЖАРЫҚ ТА ЖОҚ. ХАЛЫҚ КЕШКІ УАҚЫТТА АУЫЛ АРАСЫНДА ЖҮРУ МҮМКІН ЕМЕС ЕКЕНІН АЙТАДЫ. ШЕНЕУНІК КӨШЕНІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ УӘДЕ БЕРДІ. БИЫЛ 15 КӨШЕНІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНҒАН.

Related posts

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӨРТ СӨНДІРУШІ ҚЫЗ «АЛТЫН БҰРАНДЫ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 2 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ДЕРЕКТЕРІ ЖЕЛІГЕ ТАРАП КЕТТІ

admin

«СПЕЦИАЛЬНЫЙ РЕПОРТАЖ»: КОРРУПЦИОННЫЙ СКАНДАЛ В ДП ГОРОДА ШЫМКЕНТА

admin