ТЕҢ ҚОҒАМ-ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР. ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ТЕҢ ҚОҒАМ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН “ТҰҒЫРЫ БИІК-АЯУЛЫ АНАЛАР” ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ. ШЫМШАҺАРДА ТЕҢ ҚОҒАМ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП ЖАТЫР.
ОРТАЛЫҚТА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРУ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ, КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕТУ, БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРАДА ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАР СЫЙ-СИЯПАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ. «БҮГІН 300-ГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ТАБЫСТАЙМЫЗ. СЫЙ-СИЯПАТТАР ҮШІН ҚАЛАМЫЗДАҒЫ КӘСІПКЕР АЗАМАТТАР ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП ОТЫР. ТЕҢ ҚОҒАМ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІНЕ ТҮСКЕН ЖАНДАРҒА КӨҢІЛ БӨЛУ. ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАРДЫ УАҚЫТЫНАН ҚАЛДЫРМАЙ ӨТКІЗІП, СОЛ КІСІЛЕРДІҢ КӨҢІЛІН ТАБУҒА ТЫРЫСАМЫЗ» ДЕП АЯҚТАДЫ СӨЗІН «TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ. САЛТАНАТТЫ КЕШТЕ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТІЛЕК-НИЕТТЕР ТОЛАСТАМАДЫ. ЖЕЗ ТАҢДАЙ ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ АЯУЛЫ ЖАНДАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАП, ІЗГІ ТІЛЕГІН ЖЕТКІЗДІ. ШЕКТЕУЛІ ӘЛЕМДЕ ПЕРЗЕНТІНЕ ШЕКТЕУСІЗ ҮМІТ СЫЙЛАҒАН АНАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ҚАШАН ДА ЕРЕН. АНАСЫН АРДАҚТАП, ҚАРЫНДАСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚҚА БҰЛ МЕЙРАМ АЙРЫҚША ЫСТЫҚ. БҮГІНДЕ НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ҚАУЫМЫ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ӘР САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕДІ.