АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА МЕГАПОЛИС БАСШЫСЫ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АУДАН ӘКІМДЕРІНЕ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІП, НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ. СОНДАЙ-АҚ КӨКТЕМГІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТУРАЛЫ БАЯНДАЛДЫ.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВТЫҢ АЙТУЫНША, 2023 ЖЫЛЫ 1856 АЗАМАТ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛЫП, ЖОСПАР 104% ОРЫНДАЛҒАН. АЛ КӨКТЕМГІ НАУҚАНДА 948 АЗАМАТТЫ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР. СОНЫМЕН ҚАТАР, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ НҰРАСЫЛ ТУЛЕЕВ БАЯНДАМА ОҚЫДЫ. НҰРАСЫЛ АЙДАРХАНҰЛЫНЫҢ МӘЛІМЕТІНШЕ, ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 4109 ӨТІНІШІ ҚАРАЛЫП, ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛҒАН. НӘТИЖЕСІНДЕ, ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 182 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АҚША ҚАЙТАРЫЛДЫ.