ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮЛКЕН ЗАЛЫНДА УЧАСКЕЛІК ЖӘНЕ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ.
ПОЛИЦИЯНЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ, ІІО ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРАҒА ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН МАЙТАЛМАН МАМАН ҚР ІІМ ОРЫНБАСАРЫ АЙДАР МҰТӘЛІКҰЛЫ САЙТБЕКОВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТТІ. АТАУЛЫ ШАРАҒА ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ МҰРАТ ҚАБДЕНОВ, КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСШІ ОРГАН, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ, ІІО АРДАГЕРЛЕРІ, ПОЛИЦИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ 17 ҚАЛА АУДАНДАРЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСШЫЛАРЫ МЕН ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ҚАТЫСТЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ОБЛЫС ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРЫ, ЦИФРЛАНДЫРУ, ИДЕОЛОГИЯ МЕН ИМИДЖ, ҚЫЛМЫСТЫ АШУ МЕН АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКА МАҚСАТЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ҚЫСҚА МЕТРАЖДЫ ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛДІ. ЖИЫН СОҢЫНДА ҚР ІІМ ЕРЖАН САДЕНОВТІҢ БҰЙРЫҒЫМЕН ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА ЕҢ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ МАРАПАТТАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП САНАЛАТЫН «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ МҰРАТ ҚАБДЕНОВ МАРАПАТТАЛДЫ. МИНИСТР ОРЫНБАСАРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ АРАЛАП, ПОЛИЦИЯ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕГІ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ТЕКСЕРІП, КЕҢЕСТЕР БЕРДІ.