АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА САҒАТ 11 ШАМАСЫНДА ТАҒЫ ДА ЖЕР СІЛКІСІНІ ҚАЙТАЛАНДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ HAN-TV ТІЛШІСІ «24KZ» АРНАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАП ХАБАРЛАЙДЫ. ҚУАТЫ 5 БАЛЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ 2024 ЖЫЛЫ 4 НАУРЫЗДА АЛМАТЫ УАҚЫТЫМЕН 11 САҒАТ 22 МИНУТЫНДА ТІРКЕЛДІ.
БҰҒАН ДЕЙІН ОРЫН АЛҒАН ЖЕР ДҮМПУЛЕРІНЕН КЕЙІН САҚТАНҒАН ХАЛЫҚ БІРДЕН СЫРТҚА ШЫҒЫП КЕТТІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН АЛМАТЫ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ТЕЛЕФОНДАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ СЫРТ КИІМСІЗ СЫРТҚА ШЫҒЫП КЕТКЕН БЕЙНЕЛЕРІ ТАРАДЫ. ӘЗІРГЕ ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖОҚ. БҰЛ ТУРАЛЫ ТЖД БАСШЫСЫ НҰРЛАН АТЫҒАЕВ «БІРІНШІ ТЕРБЕЛІС АЯҚТАЛҒАН СОҢ ҒИМАРАТТАН ШЫҒЫП, ХАЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ БАРЫҢЫЗ. ТЕК РЕСМИ ДЕРЕККӨЗГЕ СЕНІҢІЗ. СИРЕНА ЕСТІЛГЕН СОҢ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОСЫҢЫЗ. ЖАҒДАЙ НАҚТЫЛАНҒАН СОҢ ҚОСЫМША АҚПАРАТ ҰСЫНЫЛАДЫ» ДЕП ХАЛЫҚТЫ ДҮРЛІКПЕУГЕ ШАҚЫРДЫ.