Қоғам

«1 НАУРЫЗ-ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ»

Қоғам назарын Азаматтық қорғаныс мәніне аударып, халықтың төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылға әзірлігін арттыру мақсатында, «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар» ұранымен 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні болып атап өтіледі. Айтулы күнге орай қалалық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы ақпараттық коммуникациялық орталығында баспасөз брифингінде болып қайтты. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Азаматтық қорғаныс саласының негізгі міндеті Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қирату факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта сондай-ақ соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Осы орайда салаға жауапты мамандар басқарма тарыпының алдағы уақытқа бекіткен жоспарларымен де бөлісті.

Айта кетейік азаматтық қорғаныс саласының мамандары бүгінгі таңда бірқатар жұмыстарды атқарып келеді. Төтенше жағдайлар орын алған кезде дереу әрекет етіп, халықы қауіпсіз жерге көшірумен  айналысу сала мамандарының негізгі міндеті. Аталған жұмыстарды халық арасында кеңірек нығайту мақсатында басқарма өкілдері, бірнеше мекемелермен бірлесіп жұмыс жасауда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Верховенство Конституции – основной принцип правового государства

Редактор HAN TV

«Оның тарапынан бюджетке қосымша құюлар қарастырылуда» — АФМ төрағасының орынбасары Қайрат Боранбаев туралы

admin

Ақтөбе облысында автокөлікті еріген қар суы басып қалды

admin