aspan

ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басшысын «Самұрық-Қазынадағы» сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру пара алу дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басқарма мүшесі әрі өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековті, сондай-ақ аты-жөні жарияланбаған өзге де тұлғаларды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі («Пара беру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Самұрық-Қазынадағы» сыбайлас жемқорлық дауы

12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Елжас Орыншиевті ұстады. Оларға сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік келтірілді.

ҰҚК тергеу құпиясына сілтеме жасап, келтірілген залалдың мөлшері мен іс бойынша өзге де мәліметтерді жарияламады.

14 қарашада сот Нұрлан Жақыпов пен Елжас Орыншиевті қамауға алуға санкция берді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІР ТӘУЛІКТЕ 87 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

НАУРЫЗ, НАУРЫЗ АЛТЫ АЛАШҚА ҚОШ КЕЛДІҢ!

Телеарна ХанТВ

ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 370 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ