aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат

Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев мемлекеттің позициясын жеткізеді

Бүгін, 13 қарашада, көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді.

Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

«Жиын барысында Президент „Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры мен „Қазақстан темір жолы“ ҰК“ АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің ұстанымын жеткізеді», – деді ол.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компаниялар басшыларының жеке жауапкершілігі, сондай-ақ еліміздегі стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың қызметінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ-АМАНГЕЛДІ ТӨЛЕЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ!

Атырауда жолаушы жол ақысын талап еткен автобус жүргізушісін соққыға жыққан.

admin

Олар маған және қызыма жала жапты — Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

admin