aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Шымкент

Шымкентте есірткі курьері ұсталды: аса ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді

«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі таратумен айналысқан жас жігітті ұстады.

Жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту барысында полицейлер құрамында мефедрон психотроптық заты бар үш ораманы тауып, тәркіледі.
Тексеру барысында күдіктінің ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап есірткі сататын интернет-дүкеннің курьері әрі ораушысы ретінде заңсыз қызмет атқарғаны анықталды.

Кейін күдіктінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері барысында қала аумағынан жасырылған орын анықталып, одан мефедрон салынған ірі орама тәркіленді.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛАР

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУШЫЛАРДЫ ДРОННЫҢ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАЙДЫ

Телеарна ХанТВ

ДОНОР БОЛЫП, ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА

Телеарна ХанТВ