22.3 C
Shymkent
19 октября, 2026
Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР «ЖҰЛДЫЗАЙ-2026» ҰЛТТЫҚ ИНКЛЮЗИВТІ ОЙЫНДАРЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Астана қаласында «Жұлдызай-2026» Ұлттық инклюзивті ойындары өтті. Еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам ерекше қажеттілігі бар спортшыдар бақ сынаған ауқымды жарыста Түркістан облысының спортшылары үстел теннисінен жоғары нәтиже көрсетті.

Елорда төрінде бабы мен бағы қатар шапқан Мерей Серікбай, Мұхаммедәли Уралов және Ахмет Қалықұл алтын медаль иеленсе, Нұрислам Абдашим күміс жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, облыс құрамасы үстел теннисінен жалпы 4 медаль жеңіп алып, 20 өңірдің арасында командалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары бірқатар арнайы номинациямен де марапатталды. Атап айтқанда, команда жаттықтырушысы Мақсат Қыдырша «Ең үздік команда жаттықтырушысы» және «Ең үздік бас төреші» номинациясына ие болды. Сонымен қатар Уралов Мұхаммедәли мен Абдашим Нұрислам пара үстел теннисіндегі ойындары үшін «Ең үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
«Түркістандық спортшылардың бұл жетістігі – табандылық пен еңбектің, жаттығу мен жеңіске деген жігердің жемісі», – деді Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының директоры Сабыржан Бульдуруков. Оның айтуынша, бұл жеңіс өңірдегі инклюзивті спорттың дамуына жаңа серпін береді.
Айта кетейік, биылдан бастап «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен негізгі жарыстар тізіміне енгізілді. Бұл – инклюзивті спортты дамытуға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортпен тұрақты айналысуына және олардың қабілеттерін кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадам.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШЕРУ ӨТКІЗІП, ДАҢҚ МЕМОРИАЛЫНА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

АҚШ президенті: «Біз Қытаймен бәсекелестік, бірақ қақтығысты қаламаймыз»

admin

«Қарсылық көрсету уақыты келді». Макрон Ресейге қарсы тұруға дайын екенін мәлімдеді

admin