Ақпарат Еңбек адамы Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Түркістан

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА АРЫҚ – ТАЗА ТІРШІЛІК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Тазалық – тәртіптің бастауы, туған жерге деген құрметтің белгісі. Осы ұстанымды ту еткен Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында «Таза арық – Таза тіршілік күні» акциясы ұйымдастырылды.

Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау арқылы туған жердің көркеюіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған акцияға ауданның барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерінен, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарынан, кәсіпкерлік нысандары мен тазалық жанашырларынан 4 мыңға жуық адам қатысты.
Аудан әкімі Серік Мамытовтың қатысуымен өткен экологиялық акция барысында қала мен кенттегі, ауылдық округтердегі арық-атыздар, су қашырту жүйелері күл-қоқыстан тазартылып, бүлінген және қираған қоршаулар қалпына келтірілді.
Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп, жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында ішкі және ауданаралық, облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың бойларындағы шөптер шабылды. Жиналған қалдықтар белгіленген орындарға шығарылды.
– Бүгінде жалпыхалықтық деңгейде қолдау тауып, жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» іс-шарасы – әрбір азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыратын маңызды қозғалыс.
Туған жердің тазалығы мен табиғаттың тұнықтығы – баршамызға ортақ құндылық болғандықтан тазалықты сақтау күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Өйткені ауданның тазалығы – тұрғындарымыздың ортақ еңбегінің, жауапкершілігі мен туған жерге деген жанашырлығының айқын көрінісі, – дейді аудан әкімі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ДУБАЙДА ӨТКЕН БІЛІМ САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Han TV

Ақмолалық «полицей» WhatsApp арқылы бейнебақылаудан кейін миллион теңгеден астамын жоғалтты

admin