12.3 C
Shymkent
5 октября, 2026
Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» АТАНҒАН ЖУАНТӨБЕДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында жаңа спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Заманауи спорт нысаны ауылдың 80 жылдық мерейтойы аясында салтанатты түрде ашылды.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ соңғы жылдары Жуантөбеде абаттандыру, тазалық және ауылдың көркеюі бағытында бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Бұл ретте ауыл тұрғындарының белсенділігі мен туған жерге деген жанашырлығының маңызы зор екенін жеткізді.
Айта кетейік, Жуантөбе ауылы белсенділігі мен ауызбіршілігі нәтижесінде 2025 жылғы облыстық «Үлгілі ауыл» байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болған. Осы жеңіске орай, жаңа нысанның құрылысына облыстық және аудандық бюджеттерден қажетті қаржы бөлінді.
Батырбек Достайұлы көшесінде орналасқан спорт кешенінің құрылысы 2026 жылдың мамыр айында басталып, қысқа мерзім ішінде толық аяқталды.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысанда күрес және бокс залдары, арнайы жаттығу залы, медициналық кабинет, жаттықтырушыларға арналған кабинеттер, жуыну және қосалқы бөлмелер қарастырылған.
Жаңа спорт кешені ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына, бұқаралық спортты дамытуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Салтанатты шара барысында ауданның Құрметті азаматы, ауыл қариясы Әбдіразақ Сығалаев ақ батасын беріп, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Әскерге шақырылғандарды табуреткамен және таяқпен ұрды: Қорғаныс министрлігінде мәлімдеме жасады

admin

Түркістанда әйелді заңсыз психиатриялық мекемеге жатқызу ісі бойынша үкім шықты

Телеарна ХанТВ

Синоптиктер екі қазақстандық қала тұрғындарына ескерту жасады

admin