12.3 C
Shymkent
5 октября, 2026
Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРТТАР СПОРТТА» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«Бір дәуірдің мөлдіреген жастары едік…» облыстық апталығы аясында Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» спорт кешенінде «Қарттар спортта» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін қалыптастыру.

Спорттық іс-шара жаппай таңғы дене жаттығуымен басталып, одан әрі 50 жастан асқан спорт ардагерлері арасында төрт спорт түрінен сынға түсті. Қатысушылар тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі және үстел теннисінен өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша әр спорт түрінен үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар І, ІІ және ІІІ орындармен марапатталып, дипломдар мен медальдарға ие болды.
Қарттық – белсенді өмірден қол үзу емес! Бұл – өмірлік тәжірибе мен өнегенің, парасат пен тағылымның кезеңі. Осындай тағылымды іс-шаралар ардагерлер арасындағы достықты нығайтып, ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге және жас ұрпаққа салауатты өмір салтының үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Олжас Бектенов: СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға 3000-нан астам адам жұмылдырылды

Телеарна ХанТВ

Атырауда жағымсыз иістің себебін мамандар анықтады

admin

Разговор о важном: Глава полиции Шымкента встретился со студентами

Han TV