aspan

АУДАН ӘКІМІ УӘДЕСІН ОРЫНДАЙ МА?

https://youtu.be/1STJvdzSZ3Y?si=771rzjedneHVqajv

Шымкент қаласы Абау ауданындағы ЖК “Gardens” тұрғын үй құрылысына қатысты шағымдар бойынша бірқатар мәселе шешімін таба бастады. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аумақтағы арық жүйесін реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар көптен бері көтеріп келген бұл мәселе бойынша тиісті қызметтер іске кірісті.

ЖК “Gardens” тұрғындарының шағымынан кейін аумақта бірқатар жұмыстар басталды. Тұрғын үй кешеніне қатысты тұрғындар көтерген мәселелерден соң, инфрақұрылымды реттеу бағытында нақты қадамдар жасала бастады. Тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің бірі – су жиналу проблемасын шешу мақсатында қазір арықтар қазылып, ирригациялық жүйе орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін аумақта жаңбыр және еріген қар сулары жиналмай, арнайы арықтар арқылы сыртқа бағытталуы тиіс.Ал жол мәселесіне келсек, жауаптылар бұл аумақты асфальттау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп отыр.

Айта кетейік, тұрғындар бұған дейін инфрақұрылымның жоқтығына байланысты бірнеше рет мәселе көтерген болатын. Қазір басталған жұмыстардың сапасы мен мерзімі тұрғындардың да, жергілікті биліктің де назарында. Жағдай бақылауда. Ал аудан әкімдігі берілген уәдені толық орындай ма – оны уақыт көрсетеді.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында алғаш рет қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізіле бастады

Телеарна ХанТВ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР  «ҚОСҚОРҒАН» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН АЙМАҚТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

АУДИТОРДЫҢ «КРЫШАСЫ»  КІМ?

Телеарна ХанТВ