13.3 C
Shymkent
7 марта, 2026
aspan

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ЕҚЫҰ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСІП, ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, экологиялық бастамаларды қолдау және тұрақты даму бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

 Өңір басшысы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты баяндап, инвестициялық мүмкіндіктер мен өндірістік әлеуетке тоқталды. Атап айтқанда, ет, мақта және жүгері бағытындағы кластерлік жобалардың маңызына ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, экспорт көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.Нұралхан Көшеров халықаралық ұйымдармен серіктестікті нығайту өңірдің тұрақты дамуына серпін беретінін атап өтті.Алексей Рогов Түркістан өңіріне алғаш рет келгенін айтып, аймақтың қарқынды дамуына жоғары баға берді. Ол Түркістанның тарихи-мәдени әлеуеті мен заманауи келбеті ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Сондай-ақ экологиялық бастамалар мен орнықты даму жобаларына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастырып, нақты жобалар аясында байланысты күшейтуге уағдаласты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тоқаев Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті

Телеарна ХанТВ

20 МЛН ТЕҢГЕНІҢ МАЛЫН ҰРЛАҒАН БАРЫМТАШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«2023 жылғы 12 маусым- Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні».

admin