aspan

400 БАЛЛОН АЗОТ ТОТЫҒЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Шымкентте “күлдіретін газ” сатумен айналысқан 10 мекеме иесі жауапқа тартылып, 400-ден астам баллон азот тотығы тәркіленді. Шымкент қаласының полиция департаменті азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жүйелі шаралар қабылдауда.

Жыл  басынан бері қала аумағында «күлдіретін газ» атауымен танымал азот тотығын сатумен айналысқан 10 ойын-сауық орны анықталып, олардың заңсыз қызметі тоқтатылды. Барлығы 417 баллон тәркіленіп, адам ағзасына күшті әсер ететін заттар заңсыз айналымнан алынды. Анықталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Полиция ескертеді: қолданыстағы заңнамаға сәйкес күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР ЕСКЕ АЛЫНДЫ

Телеарна ХанТВ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ  ҒИМАРАТТАР САЛЫНУДА

Телеарна ХанТВ